Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық шарасы басталды

«Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық шарасы басталды

Сырдария аудандық полиция бөлімі «Түнгі қаладағы балалар» шарасы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

23-27 қыркүйек күндері аралығында Сырдария ауданы полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторлары мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесіп, аудан аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық шарасы басталды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау деректерінің алдын-алу, ескерту, жолын кесу, сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта болу деректерін анықтау болып табылады.

Сырдария ауданы полиция бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары және аудандық прокуратура қызметкерімен жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау, зорлық-зомбылық, бопсалау, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Сырдария аудандық Агро техникалық колледжі студенттеріне және С.Сейфуллин ауылының 137 қазақ орта мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жиналысы өтті.
23 қыркүйек 2022 ж. 639 0