Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№4 газет

17 қаңтар 2026 ж.

№3 газет

13 қаңтар 2026 ж.

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Сырдариялық дәрігерлер бір күнде бес ота жасады

Сырдариялық дәрігерлер бір күнде бес ота жасады

Бүгінде аудандық аурухананың базасында облыстық деңгейде жасалатын орта және күрделі оталар жасалынып келеді. Өткен аптаның сенбісінде ақ халатты абзал жандар бес бердей ота жасап, емделушілерге қуаныш сыйлады.

Тәжірибелі травматолог-дәрігер Ержан Әлімбетовпен бірге білікті маман, хирург Дәуірхан Тағыбергенов барлық отаны сәтті жасап шықты. Айта кетейік, Тереңөзекке Шымкент пен Қызылорда қаласынан науқастар келіп, дәрігер көмегіне жүгінді.

Бұл ретте, анестезиолог-реаниматолог Әсет Жамансариев, қос дәрігердің қасынан табылды. Сонымен қатар орта және кіші буын қызметкерлері дәрігерлерге көмекке келді.

Осы сенбіде 4 науқасқа травматологиялық ота жасалады деп күтілуде.

28 сәуір 2025 ж. 300 0