Ақ халатты абзал жандарға алғыс айтамыз!

Алла Тағала адамды дертімен сынамасын. Отбасымызбен уайымдап, біршама әбігерге түстік. Аудандық аурухананың «Хирургия» бөлімшесінің меңгерушісі Дәуірхан Тағыбергеновке ерекше алғысымды айтамын. Күн сайын ем-шара жүргізіп, аяққа тұрғызды. Сонымен бірге, дәрігер Нұрсұлтан Құлтаев, медаға Дәулет Ермағанбетов, бөлімшенің медбикелері мен кіші буын қызметкеріне ризашылығымды білдіремен. Барлық науқастың жағдайын жасап, кез келген адамды күлімдеп қарсы алады. Созылмалы дертіме қарамастан, аяғымды кеспей көпшіліктің қатарына қосқан ақ халатты абзал жандарға аналық алғысымды жеткіземін!
Қиын-қыстау күндері әркез жанымнан табылған отбасым мен жақындарымды, №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектеп пен Асқар Тоқмағамбетов ауылындағы «Балауса бөбекжей» балабақшасының ұжымын айрықша атап өткім келеді. Көз көрген ағайын туыс пен көпшілік қауымға қиындыққа тап болған кезде әркез қолдау көрсеткені үшін дән ризамыз. Отбасыларына жақсылық тілейміз. Адам жанының арашашысы болып жүрген жандардың кәсібіне береке берсін дейміз. Қызметте абыройлы болуына тілектеспіз.
Үміт ЕРНАЗАР,
кент тұрғыны