Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Аудандық аурухана базасында 150-ге жуық күрделі ота жасалынған

Аудандық аурухана базасында 150-ге жуық күрделі ота жасалынған

Сырдария аудандық ауруханасына қарасты «Хирургия» бөлімшесінде Қызылорда қаласының тұрғыны Нұрлыгүл Серікбаеваға ақ халатты абзал жандар ота жасаған болатын.

Өз кезегінде білікті дәрігерлер Азамат Боқанов пен Ержан Әлімбетовтің шақыртуымен бізде ота жасау барысына қанықтық.

Негізінен, Сырдария аудандық ауруханасының базасында жыл көлемінде 150-ге жуық облыстық деңгейде жасалынатын сан түрлі күрделі ота жүзеге асқан. Бұл ретте, ота жасаудың қыр-сырына қанығып, науқастың жағдайына бақылау жасауға бізде мүмкіндік алдық. Анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер Дастан Сәдірқожаев пен Әсет Жамансариев, уролог-дәрігер Аян Қуатов, орта және кіші буын қызметкерлері тікесінен тік тұрып, отаның сәтті өтуіне атсалысты. Жалпы, бірінші санатты травматолог-дәрігер Ержан Әлімбетов пен тәжірибелі хирург-дәрігер Азамат Боқанов науқастың сол жақ балтырдың ішкі және сыртқы толарсақ сүйегіне ота жасап, біліктілік деңгейін кезекті мәрте дәлелдеді.

Бүгінде Сырдария аудандық ауруханасына Қармақшы, Жаңақорған ауданы мен Қызылорда, Байқоңыр қаласынан тұрғындар келіп ота жасатады. Мәселен, «Хирургия» бөлімшесінде ем алып жатқан жаңақорғандық Кайрат Нұрымбетов пен байқоңырлық Қыдырбек Сағымбаев ота жасаған ақ халатты абзал жандарға шынайы алғысын жеткізді.

Әрине, күрделі оталарды аудандық ауруханада жасаған сала мамандарының жұмысына сәттілік тілейміз!
22 желтоқсан 2024 ж. 157 0