Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№4 газет

17 қаңтар 2026 ж.

№3 газет

13 қаңтар 2026 ж.

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Тұрғындар тілегіне ақ халатты абзал жандар құлақ түрді

Тұрғындар тілегіне ақ халатты абзал жандар құлақ түрді

Сырдария аудандық ауруханасының мамандандырылған дәрігерлері мен медбикелері Бесарық ауылына арнайы іссапармен барды. Акушерлік гинекологиялық көмек көрсету ұйымдастыру стандарттарын бекіту туралы 2021 жылы шыққан №92 бұйрық негізінде жүзеге асқан іс-шарада ауыл тұрғындарының денсаулығы жіті тексерілді.

Бұл ретте, акушер-гинеколог И.Утемуратова, онколог М.Халыбева, психиатр С.Бакишева, СӨСҚ маманы Л.Ауминова, ЖВФ жауапты мейіргері Ж.Молдахметова, психолог М.Маханбетжанов, ерлер кабинетінің мейіргері Н.Қошанов өз салалары бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.

Бесарық ауылының тұрғындары сала мамандарының кеңесіне жүгініп, денсаулығына қатысты шағымдарын жеткізді. Әрбір сала маманы өз жұмысына ыждағаттылықпен қарап, көпшіліктің денсаулық жағдайына жан-жақты бақылады.


Сырдария аудандық ауруханасы

27 сәуір 2025 ж. 398 0