Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Медицина мамандары Аманкелді ауылына барды

Медицина мамандары Аманкелді ауылына барды

Апта ағымында Сырдария аудандық ауруханасының мамандары Аманкелді ауылына іс-сапармен барды. Өз кезегінде сала мамандары ҚР ДСМ-нің Акушерлік-геникологиялық көмек көрсету ұйымдастыру стандартын бекіту туралы 2021 жылы шыққан №92 бұйрыққа сәйкес, құрылған мобильді топ аталған елді мекендегі туу жасындағы нәзік жандыларға денсаулығына қатысты жан-жақты кеңес берді.

Негізінен, мобильді топ құрамында акушер-гинеколог Нейла Абишева, психолог Мейірбек Махамбетжанов, ерлерді қарау кабинетінің мейіргері Нұрсұлтан Қосжанов, СӨСҚ маманы Лилия Ауминова бар. Аудандық аурухананың білікті мамандары ауыл тұрғындарының денсаулыққа байланысты шағымдарын тыңдады. Денсаулығында кінәраты бар жандарға жан-жақты тексерілу үшін жолдамалар берілді.

Айта кетейік, ерлерді қарау кабинетінің мейіргері Нұрсұлтан Қосжанов ер азаматтарды жеке қабылдады. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

09 желтоқсан 2024 ж. 249 0