Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Құқықтық оқыту өткізілді

Құқықтық оқыту өткізілді

Бүгін аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Ернар Зұлқарнаев кент және ауылдық округі әкімі аппараттарының заңгерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» және «Алаяқтық қылмыстарын алдын алу», сондай-ақ заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында құқықтық оқыту өткізді.

Бөлім басшысы аталған тақырыптарда мамандарға бірнеше тапсырмалар беріп, алаяқтық қылмыстардың алдын алу мақсатында халық көп шоғырланатын қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктерде жадынамалар орналастырып, кент және ауылдық округтердің көшелерінде көлемді баннерлер орналастыруын қамтамасыз ету шараларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытындағы жұмысты күшейту қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар, мекеменің әлеуметтік желілеріне видеороликтер жариялап, барынша түсіндірме жұмыстарын кең ауқымда жүргізу керектігін айтып өтті.

Аудан көлемінде Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес іс-шаралар өз деңгейінде жүргізіліп келеді. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табады.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

25 сәуір 2025 ж. 299 0