Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқықтық оқыту өткізілді

Құқықтық оқыту өткізілді

Бүгін аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің ұйымдастыруымен Әкімдікке қарасты дербес бөлімдер мен кент және ауылдық округ әкімі аппараттарының жауапты қызметкерлерінің қатысуымен құқықтық оқыту семинары өткізілді.

Семинардың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Біріншісі – «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің м.а 05.07.2023 жылғы №464 бұйрығының талабын түсіндіру, екіншісі – ҚР Әділет министрінің 11.07.2023 жылғы № 473, ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 12.07.2023 жылғы №135 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 11.07.2023 жылғы № 223 бірлескен бұйрығын түсіндіру.

Семинар барысында аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Е.Зұлқарнаев қатысушыларға күн тәртібіндегі мәселеге қатысты толық түсіндірме жүргізіп, жоғарыда көрсетілген бірлескен бұйрығымен қабылданған Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидаларына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүзеге асыратындығын жеткізді. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар Қағидалардың 128-тармағында көзделген шараларды қабылдауға, атап айтқанда, қорытындыға жауапты қорытынды алынған сәттен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға міндетті екендігін айтып өтті. Осыған сәйкес, қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сауалдарына толықтай жауап алды.

Сонымен қатар, бөлімнің әдіскері Н.Құрақбаева нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидасының талаптарын түсіндіріп өтті. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шiлдедегi №471 бұйрығымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес, жаңа заңның талаптарын да түсіндірді.

Бөлім басшысы Е.Зұлқарнаев семинарды қорытындылай келе, қызметкерлерге алдағы уақытта жаңа Қағидалардың талаптарын қатаң сақтап жұмыс жасауға және заңбұзушылыққа жол бермеуді ескертті. Оған қоса, құқықтық оқыту жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес тоқсан сайын өткізу жоспарланғандығын атап, заңнамаларға енгізілген өзгерістерді уақытылы түсіндіру және нормашығармашылық қызметін заңдылыққа және қағидаға сәйкес жүргізу қажеттігін жеткізді.
30 қазан 2023 ж. 280 0