«Жаңару мен жаңғыру» күніне орай ағаш отырғызу акциясы өтті

Жаңғырудың жаңа лебі көктемдік көшеттер «Жастар Аллеясы», «Сыр Сұлуы» паркі, «Тағзым алаңы» және ауданның барлық аймағына отырғызылды. Аудан басшысы бұл бастаманы зор ықыласпен қолдап, аудан тұрғындарын туған жердің көркеюіне үлес қосуға шақырды.
– Біз туған жерімізді көркейту мақсатында, «Жаңару мен жаңғыру» күні аясында ұйымдастырылғанағаш егу акциясына жиналдық. Бұл – тек экологиялық шара ғана емес, сонымен қатар, келер ұрпаққа жасыл желекке оранған, таза орта қалдыруға деген жауапкершілігіміздің айқын көрінісі. Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ парызымыз. Ата-бабамыздан «Бір тал кессең, он тал ек» деген нақыл сөз бар. Ағаш егу – ғасырлардан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Отырғызылған әрбір көшет ертең саялы ағашқа айналып, айналамызды көркейтіп қана қоймай, табиғаттың тепе-теңдігін сақтауға үлес қосады деп сенемін, - деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Акция қорытындысы бойынша аудан аумағанда 1000-нан астам жас көшеттер егіліп, жаппай көркейту, көгалдандыру, әктеу жұмыстары жүргізілді. Аудан тұрғындарын тазалық сақтауға шақырамыз!
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі