Бірлік мерекесінде тал егу жұмыстары жүргізілді

Ағаш отырғызу іс-шарасына аудан әкімі Берік Сәрменбаев, аудан ардагерлері, халық қалаулылары, тұрғындар мен жастар қатысты.
Аудан басшысы игі іс-шараға жиналғандарды мерекемен құттықтап, барлық жұмыс ауызбірлікпен атқарылатынын жеткізді. Ауданның көркейіп, гүлденуіне барша тұрғын атсалысуы керектігін айтты. Ардагерлер де мерекелік лебіздерін білдіріп, жастармен бірлесе ағаш көшеттерін отырғызды.