Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Оның ішінде: қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру осындай қылмыстардың барлығы сыбайлас жемқорлық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Cыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру қажет. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес уақыт өткен сайын күшеюде.
Бүгінгі таңда, аталған қоғамдық індеттің алдын алу, жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру қажеттілігі айрықша күн тәртібіне шығып отыр.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық парызы.
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото: Ашық дереккөзден