Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№88 газет

05 қараша 2024 ж.

№87 газет

02 қараша 2024 ж.

№86 Газет

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Парақорлық дендеген қоғам дамымайды

Парақорлық дендеген қоғам дамымайды

Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдің аса қауіпті факторларының бірі болып табылады, ол мемлекеттің жалпы ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне ғана емес, оның барлық құрамдас бөліктеріне де зиянды әсер етеді. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Сыбайлас жемқорлық – бұл үнемі мұқият зерттеуді, жүйелі көзқарасты, кешенді және дереу қарсы тұруды қажет ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы.

Біздің еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық ахуалға теріс әсер етеді және еліміздің имиджін төмендетеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік танытатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет субъектілерінің құндылықтары болып табылады» деп жазылған.

Яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның сыбайлас жемқор­лық­қа ұтымды және адамгершілікпен қарсы тұру қабілеті. Адамның сыбайлас жем­қорлыққа қарсы мәдениеті – бұл қоғамның қауіпсіздігі мен әл-ауқаты үшін сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімді қамтитын адамның сапасы. Бұл жеке тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігі ғана емес, оны жоюға және онымен күресуге деген ұмтылысы.

Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының азаматтық борышы болып табылатынын білу қажет.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жа­уап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік дамыған мемлекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.

Талғат ҚҰЛАМҚАДЫРОВ,
Шіркейлі ауылдық округінің әкімі
Фото:Ашық дереккөзден
19 қазан 2024 ж. 49 0