«Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсібін бастаған кәсіпкердің жұмысымен танысты

Жеке кәсіпкер Азамат Ысқақов басқаратын ЖК «Искаков» «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы құмблок өндіру үшін құрал-жабдыққа 6 млн несие алған. Бүгінде сұранысқа сәйкес құмблоктар шығарылып, Қызылорда қаласы мен көршілес аудандарға, ауданның елді мекендеріне сатылуда. Өндіріс орнында 3 адам жұмыспен қамтылған.
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев 2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында шағын кәсіпкерлік субъектілерін біріктіру жолымен 6 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, қаржыландырылғанын айтты. Сондай-ақ 2024 жылы несие комитетінің шешіміне сәйкес 145,6 млн теңгеге 13 жобаға несие мақұлданын жеткізді.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2025 жылға дейінгі халық табысын арттыру бағдарламасы аясында 3 млрд қаржы бөлінді. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы арқылы ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі жобаны ауқымдау шеңберінде берілетін микрокредиттердің сенім білдірілген өкілі ретінде «Байқоныр» ӘКК АҚ-ы анықталды. 2023 жылғы 20 шілдеден бастап несие алушылардан құжаттарды қабылдау жүргізіліп, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында шағын кәсіпкерлік субъектілерін біріктіру жолымен 6 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, қаржыландырылды. Жоба аясында аудан бойынша 233,2 млн. теңге сомасына 23 жоба қаржыландырылды. 2024 жылы ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау бойынша шағын кредиттер беруге 1 млрд қаржы бөлінді. Жоба аясында аудан бойынша 273,1 млн. теңге соммасына 18 жоба өтінім тапсырған. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие комитетінің шешіміне сәйкес 145,6 млн. теңгеге13 жобаға несие мақұлданды. 2024 жылы желтоқсан айында 1,5 млрд тг қаржы бөлінуіне байланысты сайт ашылып, бүгінгі күнге дейін аудан бойынша 144,5 млн теңге соммасына 22 жоба өтінім тапсырған. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие комитетінің шешіміне сәйкес 55,8 млн теңгеге 9 жобаға несие мақұлданды. Жоба бйоынша атқарылған жұмыстармен Премьер-министр Олжас Абайұлы, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы арнайы келіп танысып, оң бағасын берді. Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасымен алдағы уақытта да нақты жұмыстар атқаратын боламыз – , – деді жоба туралы айтқан аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы.
«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов «Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыссыздықты азайту, жаңа жұмысо рындарын ашу екенін айтты. Сонымен бірге партия ұсынған Президент қолдаған бірегей жобаның шарапаты мол, тиімділігі зор тұстарына тоқталды.
– Біз секілді кәсіп бастауға ынта танытып жатқан жас кәсіпкерлерге «Ауыл аманаты» жобасының тиімділігі өте көп. Мемлекет басшысына ризашылығымызды айтамыз және осындай өте жақсы жобаны ұсынған «AMANAT» партиясына рақмет. Қазір кәсібіміз алға басып, өркендеп жатыр. Күніне 500 данаға дейін құмблок шығарамыз. Қаладан да тапсырыстар түсуде. Кей күндері тапсырысты орындауға үлгермей қалып та жатамыз. Сондықтан алдағы уақытта кәсібімізді кеңейткіміз келеді. Әзірге 3 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Келесі айдан бастап жұмысшы санын арттырамыз, – деді жеке кәсіпкер Азамат Ысқақов.