Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Аудан әкімі жылыжай жұмысымен танысты

Аудан әкімі жылыжай жұмысымен танысты

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Қалжан ахун ауылындағы «Ауыл аманаты» жобасы арқылы жүзеге асырылған жылыжай жұмысымен танысты.

Жеке кәсіпкер Серік Әбжәлиев кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған Үкіметтің қолдауын ұтымды пайдаланып, «Ауыл аманаты» жобасы арқылы жаңа кәсіпті бастады. Ол 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, жаңа жылыжайды іске қосты. Мұнда қияр егіп, одан мол өнім алуды жоспарлап отыр. Бүгінде көкөністің бап-күтімі жасалуда және 3 адам жұмыспен қамтылуда.

Аудан басшысы тұрғындар «Ауыл аманаты» жобасының игілігін көріп, кәсіптерін бастап жатқанын айтты. Өткен жылы ауданда 23 жоба қолдау тапқанын атап өтіп, жеке кәсіпкердің жаңа бастамасына табыс тіледі.

С.Әбжәлиев алдағы уақытта қосымша қызанақ және тағы басқа да көкөністер егу жоспарында бар екенін жеткізді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
09 маусым 2024 ж. 263 0