Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 85 газет

08 қараша 2025 ж.

№ 84 газет

04 қараша 2025 ж.

№83 газет

01 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Қалжан ахун ауылындағы жылыжай жұмысымен танысты

Қалжан ахун ауылындағы жылыжай жұмысымен танысты

«AMANAT» партиясының облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов жұмыс сапарымен Сырдария ауданында болды. Жұмыс сапары барысында сайлауалды бағдарлама мен «Ауыл аманаты» жобасы аясында жүзеге асқан Қалжан ахун ауылындағы жылыжай жұмысымен танысты.

Жылыжай жұмыстарымен «Береке» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі, жетекшісі Әбжалиев Серік Тынтайұлы таныстырып, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат берді.

Сайлауалды бағдарлама мен «Ауыл аманаты» жобасы аясында жүзеге асқан Қалжан ахун ауылындағы жылыжайда 3 маман жұмыс істейді. 2023 жылдан бастап іске қосылған жылыжайда қияр және қызанақ өнімдері өсіріледі.

Жылыжаймен танысу барысында партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов жылыжай жұмысшыларымен пікірлесіп, өз ұсыныс-пікірін білдірді.
17 қаңтар 2025 ж. 259 0