Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәстүрмен бекітілген махаббат: Қызылордада Қозы Көрпеш және Баян Сұлу күні атап өтілді

Дәстүрмен бекітілген махаббат: Қызылордада Қозы Көрпеш және Баян Сұлу күні атап өтілді

15 сәуірде Қазақстанда Ғашықтар күні — аты аңызға айналған Қозы Көрпеш пен Баян Сұлуға арналған мереке атап өтіледі. Осы ерекше күні Қызылордада жас жұбайлар үшін салтанатты неке қию рәсімі өтті.

Осы күні алғашқылардың бірі болып Дамир мен Ақерке Өтегеновтар некелерін заңдастырды. Жас жұбайлар бұл күнді кездейсоқ таңдамағанын мойындады - Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың оқиғасы оларды шынайылығымен шабыттандырады.

"Біз үйлену тойымыз үшін дәл осы күнді таңдағанымызға өте қуаныштымыз. Ол ерекше мағынаға толы және мәңгілік махаббатты бейнелейді. Біздің сезімдеріміз Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу сияқты күшті болады деп үміттенеміз", — деп Дамир мен Ақерке өз сезімдерімен бөлісті.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалының басшысы Аида Абибулаева осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

"Жастар отбасын құру үшін Өозы Көрпеш пен Баян Сұлу күнін — адал және шынайы махаббаттың бейнесін таңдайтыны символдық. Мұндай оқиғалар неке институтын нығайтып қана қоймай, біздің мәдени құндылықтарымыздың сақталуына ықпал етеді", — деп атап өтті Аида Ибрагимқызы.

Айта кетейік, бүгін қызылордалық 15 жұп осы күнді ерекше махаббат, адалдық және бақытты болашаққа деген үмітпен толтыра отырып, өз тағдырларын байланыстыруға шешім қабылдады.
16 сәуір 2025 ж. 247 1

Nate от 31 мамыр 2025 01:18
Regards. Great stuff. casino en ligne You said it perfectly.! casino en ligne Many thanks. Quite a lot of knowledge. casino en ligne France Incredible lots of great info. casino en ligne Thanks. Helpful information! casino en ligne Many thanks. Good stuff. casino en ligne France You revealed that superbly. casino en ligne Thanks. I value this! casino en ligne France You actually expressed it very well. meilleur casino en ligne Superb content, Thank you. casino en ligne