Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ру сұраспай шаңырақ көтердік

Ру сұраспай шаңырақ көтердік

Бүгін елімізде  «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» ғашықтар күні атап өтіледі. Осы ретте  «Тіршілік тынысы» газеті сайтының оқырмандарына түрлі салада қызмет етіп жүрген  жарасымды жұптарды ұсынбақпыз.
Мен сол күн сұлуланып,
Қарай бердім жүзіңе жиі ұрланып,
Көкте тұрды Күн ием көмкеріліп,
Ұялшақтау қызының күйін бағып, – деп ақын Динара Мәлік жырлағандай алғаш Рыскүл болашақ жарың медицина университетінің жатақханасында жолықтырады. Ол кез 1994 жылы болатын. Жас жігіт Руслан бір топ қыздың ішінен жүрек қалауы, өмірлік таңдауы Рыскүлді бір көргеннен ұнатады.  Олар студенттік шақты бірге өткереді. Жастық шақтың  сан түрлі қызығына батып, жарасымды жұпқа айналады.  Білікті дәрігерлердің отау құрғандарына биыл 25 жыл болады.  Бақытты отбасының шаңырағында осы күні 5 перзент өсіп келеді.
Медицина саласының  қыр-сырына қанығып, адам өміріне араша түскен Руслан Арғынбаев пен Рыскүл Тәжібайқызы аудандық ауруханада 2001 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгінде Руслан Арғынбаев Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарса, Рыскүл Тәжібайқызы балалар невропатологы.   
– Біз қыз бен жігіт болып жүрген кезде ру сұраспаған едік. Жан жарым үйлегеннен кейін менің руымды сұрады. Мен "Әлім" деп жауап бердім.  Сонда Руслан маған қарап, күліп жіберді.  Оқуға кетпес бұрын Русланның әкесі "Руы ақұдай дәрігер қыз алма" – деп талап қояды. Алғаш танысқанымызда әкесі  мұндай талап қойғанын Руслан маған айтапаған болатын, – дейді отанасы.
15 сәуір 2020 ж. 645 0