Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ең қысқа әңгіме

Ең қысқа әңгіме

Екі өмір
Әрбір перзенттің екі өмірі болады. Біріншісі – әкесімен бірге болған. Екіншісі – әкесіз өткен. Қайсысы қысқа өрбитіні Тәңірдің еншісінде.

Тарылған пейіл
Амал дос пен адал достың ара-жігін ажырата алмай жүрген жігіт ақиқатын қариядан сұрапты. Қария: «достар арасындағы байланысты пейілдің тарлығы құртады. Кеңпейілділік – татулықтың діңгегі, – деген екен».

Заманына қарай адамы
Тренд пен брендтен құр қал­майтын қаланың бір қызы ауылға келін болып түсіпті. Бұған дейін теле­фонын тастамайтын жас келін­шектің бір қолында самаурыны, екінші қолында күбісі. Заманына қарай адамы.

Айбатты айғыр
Жазық далада жайылып жүрген бір үйір биеге айғыр алыс­тан көз салады. Өзгенің үйіріне қосылмас үшін айбатын шегіп, мінезін көрсетіп бағынышты биеге сұқтанады. Кісінеген қожайынның қаһарынан қорқудың өзі – тектілік.

Мейірімділік
Кейде адамның дертіне дәрі-дәрмектің дәруі дарымаса да, адамның жақсы сөзі аяқтан тұр­ғызады. Мейірімділік – адам өмірі­не шуақ сыйлаушы күш.

Қызыл жалынмен кеткен әділдік
Отыз жастағы жігіттің денесін от шарпиды. Қызыл жалынға күйген сопталдай азамат әділдікке қол жеткізе алмай қара жер құшағына еніп кете барды. Оқиға 20 жыл бұрын өтсе де, жақындарының санасынан өшпек емес.


Б.Аябекұлы
Фото: Ашық дереккөзден
01 сәуір 2025 ж. 138 0