Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сүйген қызыңыздан айырылып қалмаңыз

Сүйген қызыңыздан айырылып қалмаңыз


Ессіз ғашық болған жандар шешімді саналы түрде қабылдай алмай, артынша жасаған істері үшін өкінеді. Ер адамның өмірінде өзі қатты жақсы көретін 3 әйел бар. Олар – аяулы анасы, асыл жары, тәрбие берген қызы. Осылардың ішінде өмірлік жарын жолықтырғанға дейін көп қызбен кездеседі. Олардың ішінен өзіне лайығын таңдай алмай қиналады. 

Қос ғашықтың қарым-қатынасында тізгінді кім ұстайтыны белгісіз болса да, бір-бірінсіз өмір сүре алмайтынын психолог мамандар анықтады. Олардың айтуынша, болашақ жарыңыздың бойында міндетті түрде төмендегі қасиеттер болу керек. 

1. Ақылды қыз 

Әрбір ұлы еркектің артында ұлы ана тұратыны рас. Ақылды қызы жоқ жігіт өзімшіл мінезден әрі аса алмайды. Жігіттің өмірінде ақылды қыз пайда болса, оның өмірі де мән-мағынаға толы болады. 

2. Сұлу қыз 

Мәжнүннің Ләйліге ессіз ғашық болғанын баяндаған дастанды оқыған шығарсыз? Сұлу – сұлу емес, сүйген - сұлу деп осындайда айтылса керек. Қызыңыз өзіңіздің талғамыңызға барынша сай болып тұрған кезде одан айырылып қалмаңыз. 

Құрдастарымның сыртқы сұлулыққа баса назар аударып, адамның ішкі жан дүниесінің көркемдігіне, эстетикалық талғамына үңілмейтінін байқаймын. Яғни ажары мен мінезі үйлесе түсуі керек. 

3. Мейірімді әрі қамқор қыз 

«Жақсы адам» деп әрдайым қиын сәтте қол ұшын беруге дайын, жан-жағына күн нұрындай мейірімділік сәулесін шашып жүретін жандарды айтамыз. Ал өзімшіл, тәкаппар, қатыгез қыздарды таныстарыңыздың тізімінен өшірсеңіз болады. 

Қыз баланың тағы бір қасиеті - қамқорлық таныта білуі. Кейбір қыздар мансап жолын таңдап, ана болу бақытын екінші қатарға ысырады. Сіздің қызыңыз, ең алдымен, ана болуды армандауы керек. 

4. Күш-қуаты мол қыз 

Өмір уақыт өте келе қиындай түседі. Әсіресе біз өмір сүріп отырған заманда. Кейде тіпті жалықтырып жіберуі мүмкін. 

Қыздар жігіттердің көңілін аулау үшін жаралмаған. Мұны жігіт жасауы тиіс. Күш-қуаты мол қызбен бірге өмірдің кез келген қиындығын қасқайып тұрып қарсы аласыз. 

5. Өзіңізді сүйетін қыз 

Бұл – ең маңызды қасиеттердің бірі. Қыздар жігіттерді жүрегімен жақсы көреді. Олар табиғатынан өзін сүйген адамына арнауға дайын келеді. Өзіңізді шын сүйетін қызды жолықтырсаңыз, әлемнің ең үлкен сыйын олжаладым деп біліңіз. 

6. Мәмілеге келе білетін қыз 

Қыздар да, жігіттер де қырсық болып келеді. Жаратылысымыздан өзгермейтін заттарды жақсы көреміз. Ал қарым-қатынас түсіністіктің арқасында құрылады. Келісімге келе білетін қызға ие болу – жарты майданды соғыссыз өткерумен бірдей. 

Біз табиғатымыздан екі жарты бірігіп, бір бүтін болатындай жаратылғанбыз. Өмірлік жарымызды іздеу – ұзақ саяхат. Осы саяхат кезінде жолықтырған сүйіктіміз шөл далада өскен әсем гүлдей болуы керек.
31 тамыз 2018 ж. 1 642 0