Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 41 газет

03 маусым 2025 ж.

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Қыз жауабы...

Қыз жауабы...

Ертеректе бір бай парықсыздау, ерке-шора жалғыз ұлына жақын маңдағы елде тұратын әке-шешесінің тұрмысы жұтаңдау болса да ақыл-парасаты мол, сөзге шешен, тауып сөйлейтін тапқыр қызды келін етіп алғысы келетінін айтып, «танысып қайт, сөйлегенде аңдап сөйлесерсің» деп жібе­реді. Жігіт әке тапсырмасымен қыз үйінің тұсына келіп, дыбыс береді. Үйінде әке-шешесі жоқ, кесте тігіп отырған қыз жігітке: – Атыңызды қысқа немесе жазға байлап үйге кіріңіз, – деп өтінеді. Сөздің мәніне түсінбеген жігіт атын үйдің белдеуіне байлап үйге еніп, жайғаса бере:
– Қарындас асығыс едім, қымыз әкелсең болады, – деп ас әзірлемек болып жатқан қызға тіл қатады.
– Мырза, ол айтқаныңыз құмды жерде емес, қатты жерде болады ғой, – дейді. Әрі қарай не сөйлерін білмей сасқалақтаған жігіт:
– Әкең қайда? – деп сұрайды. Ас-суды қамдап жүрген қыз:
– Әкем сегіз аяқтыға мініп, бір зеңгіні іздеп кеткен еді, – деп жауап беріпті.
Әрі қарай сөздің ретін таба алмаған жігіт еңсесі түсіп, еліне келеді. Әкесі барған жердің хабарын сұрағанда жігіт өз сөзімен қыз жауабын жеткізеді. Сонда жігіттің әкесі:
– Шырағым, ескертуімнен еш нәтиже шығармапсың. Қыз саған берген жауабында «Атыңды арбаға байла, қымыз байда болады, әкем буаз биемен кетті» дегенін түсінбеген екенсің, – деп күйінген екен.

Жәнібек МАХАНБЕТ,
өлкетанушы
А.Тоқмағамбетов ауылы
07 мамыр 2019 ж. 991 0