Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Келіндік борышыңызды атқарып жүрсіз бе?

Келіндік борышыңызды атқарып жүрсіз бе?


Жақсы келін жақсы жеңгеден кем түспейді.

 
 Келін болып босағаны аттаған соң келіндік борышыңызды атқару керек. Жақсы келін сол отбасының ұйытқысы мен шам шырағы. Келін өз бойындағы жақсы қасиеттермен келген шаңырағын баурап алатындай ақ пейілді ақ жарқын болу керек. Қазақ халқы қашанда келінді келген жеріне құт әкелуші бақ ырысқа санаған. Келін өзінің ибалығымен инабаттылығымен баурап алуы керек.
 Біздің  халқымыз: «Жақсы ауылға келген келін — келін, Жаман ауылға келген келін — келсап.» деп бекер айтпаған келіннің келіумен көп жағдайлар өзгеріп ынтымақ бірлікке балаған. Келін әрқашанда келген шаңырағының құт берекесін ақ жүректен жайылған дастарханымен байқату керек. Күліп жүріп сол үйдің бар шаруасын тындыратын нағыз пысық келін болу басқа да сын көзге жақсы көрініс табады.
 
Келіннің негізгі борышы:
  • Ата-енесін құрмет тұту сыйлау.
  • Өз күйеунің айтқанын істеу.
  • Туыстарына жақсы көзқараспен қарау.
  • Қонақ келгенде ашық қабақ таныту.
  • Дәмді ас әзірлей білуі.
  • Тазалықты ұстану.
  • Күліп жүріңіз.
  • «Салақ әйелдің үйінен сабақты ине табылмайды»
  • «Олақ әйел оймақшыл»
  • «Жібекті түте білмеген жүн етеді»
  • «Салақтан олақ жаман»
  • «Ана көрген тон пішер»
  • «Қыз еркем кестесімен көркем»,т.б мақалдар соны білдіреді.
  • Қысқасы, келіннің келуімен отбасында оның әсері сезілер болсын.Келіннің қолынан татқан тамақ,ішкен шай бапты,дәмді көрінсін.Үйдің іші де бұрынғыдан гөрі әдемі,ыдыс-аяқ та бұрынғыдан гөрі таза,төңірек те бұрынғыдан гөрі жинақы ретті болсын .
  • Келген- кеткен: « Келіні жақсы үйдің керегесі алтын,-деген рас ау»- десін!
 
 
 
Дайындаған: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы
21 тамыз 2018 ж. 2 161 0