Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Е.Жақыптың төрағалығымен білім бөлімінің мәжіліс залында «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облыстық департаментінің Сырдария ауданы бойынша бас маманы К.Нұрымов және Сырдария ауданы әкімдігінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Ә.Оспанова және Э.Салимованың қатысуымен бірлескен семинар өткізілді.

Семинар барысында мектепке дейінгі, орта және қосымша білім беру ұйымдарының бірінші басшыларына «Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы және E-Otinish – ақпараттық жүйесі арқылы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен жолданымдарды қарау тәртібі» мен Қазақстан Республикасының № 350-VI әкімшілік рәсімдік- процестік кодексіне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

21 наурыз 2025 ж. 510 0