Құқықтық оқыту жүргізілді
Аудан әкімдігінде Тереңөзек кенті, ауылдық округі әкімі аппаратының, мәдениет үйлерінің, клубтарының, кітапхананың және дербес бөлімдердің жауапты мамандарының қатысуымен құқықтық оқыту семинары өтті.
Күн тәртібіне сәйкес, «E-Otinish» және бұлтты құжат айналымы ақпараттық жүйелерімен жұмыс жасауды ұйымдастыру (жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен жолданымдарды уақытылы тіркеу және жауап беру) бойынша - аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің әдіскері Эльвира Салимова Эльвира түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарына түсіндірме беру мақсатында - ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Қызылорда облыстық басқармасының Сырдария ауданы бойынша бас маманы Керейтбай Нұрымов хабарлама жасады.
Семинарда мемлекеттік мекемелерде жеке және заңды тұлғалардаң өтініштерін 2020 жылғы 29 маусымда қабылданған ҚР Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексі тәртібімен қарау, Е-Өтініш АЖ-сі арқылы келіп түскен жолданымдарды тиісті заң талаптары аясында қарап, шешімдер қабылдау, жауап беру жұмыс аясында қолдану бойынша ақпараттар берілді.