Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Фитозертханада есірткі өсірген жергілікті тұрғын құрықталды

Фитозертханада есірткі өсірген жергілікті тұрғын құрықталды

Сырдария аудандық прокуратурасының үйлестіруімен «Нашақорлыққа жол жоқ» жобасы аясында жұмысшы топпен бірлескен іс-шара нәтижесінде, «Е» есімді аудан тұрғын құрықталды. 
Оның үйінен ірі мөлшерде сора тұқымдас өсімдігін заңсыз егіп өсірумен айналысатын фитозертхана және аса ірі мөлшерде кептірілген марихуана анықталды.

Анықталған азаматтың тұрғылықты үйіне тінту жүргізу кезінде ыдыстарға отырғызылған 78 түп қарасора, есірткі затын өсіруге арналған жабдықтар, сондай-ақ екі дана пластикалық ыдысқа салынған кептірілген марихуана тәркіленді. Жалпы 2,7 кг кептірілген марихуана және 13 кг қарасора өсімдігі анықталды.

Қазіргі уақытта аудандық полиция бөлімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен және 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен қылмыстық істер тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сырдария ауданының прокуратурасы азаматтарды мұндай фактілер анықталған жағдайда өз азаматтық борышын танытыпп, дереу 102 нөмеріне хабарласуға шақырады.

Сырдария аудандық прокуратура

12 наурыз 2025 ж. 67 0