Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

08 наурыз 2025 ж.

№17 газет

04 наурыз 2025 ж.

№16 Газет

01 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Ауа райына байланысты 7 облыстағы республикалық жолдар жабылды

Ауа райына байланысты 7 облыстағы республикалық жолдар жабылды

9 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша 7 облыстағы 8 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Абай облысында  — «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 615-768 шақырым аралығы (Аягөз қаласы — Жетісу облысының шекарасы).

— «Таскескен — Бақты — ҚХР шекарасы» автожолының 0-75 шақырым аралығы (Таскескен а. бұрылысы «Алматы — Өскемен» автожолынан — Үржар а.).

Атырау облысында — «Атырау-Орал» автожолының 5-62 шақырым аралығы (Атырау қаласы — Махамбет ауылы);

Шығыс Қазақстан облысында — «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» 1013-1048 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасы — Ұлан а. бұрылысы).

Жетісу облысында  — «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 557-615 шақырым аралығы (Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін).

Қарағанды облысында — «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1505-1854 шақырым аралығындағы учаскесінде (Атамекен ауылынан Балқаш қаласына дейін)

Қостанай облысында — «Жезқазған-Петропавл» автожолының 252-340 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін);

Ұлытау облысында — «Жезқазған-Петропавл» автожолының 137-252 шақырым аралығындағы учаскесі (Ұлытау ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін).

- Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 243 арнайы техника мен 322 маман жұмылдырылды, — делінген ҚазАқтоЖол хабарламасында.

Фото: Ашық дереккөзден

09 наурыз 2025 ж. 86 0