Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Көктайғаққа байланысты бірқатар бағыттағы автожолдар жабылды

Көктайғаққа байланысты бірқатар бағыттағы автожолдар жабылды


Қазақстанда көктайғаққа байланысты бірқатар бағыттағы автожолдар жабылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазавтожол» ЖШС сілтеме жасап. 
Ведомство ақпаратына сәйкес, сейсенбі күні сағат 8:00-ден бастап Ақмола облысында Қостанай-Әулиекөл -Сұрған 232-260 шақырым (Қостанай облысы мен Сұрған ауылының шекарасы), Жақсы -Есіл-Бұзлұқ 0-82 шақырым. Екатеринбург-Алматы «СҚО - Жалтыр станциясы шекарасы» және Жезқазған-Петропавл 377-552 шақырым (Қостанай облысы - Сұрған ауылы шекарасы) жолдар жабылды.
Басты себеп: жаңбыр, көктайғақ, жел. Жолдар барлық автокөлік түрлеріне жабық. Сондай-ақ, Қарабұтақ-Қостанай автожолында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.
06 наурыз 2018 ж. 839 0