Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ауа райының бұзылуына байланысты 5 облыста жолдар жабылды

Ауа райының бұзылуына байланысты 5 облыста жолдар жабылды

«ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі бес облыста көліктердің қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Кaz.inform.kz

Еліміздің Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының республикалық жолдарында көлік қозғалысы шектелді.

— 2025 жылғы 2 қантарда сағат 15:00–де Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Өскемен» 778-1013 км, Аягөз қаласы — ШҚО шекарасы учаскесінде,  Шығыс Қазақстан облысында «Алматы-Өскемен» 1013-1048 км, Абай облысы шекарасы-Уланское а. учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2025 жылғы 2 қаңтарда сағат 15:20-да ауа райының бұзылуына байланысты тағы бірқатар өңірде автокөліктің жүк және қоғамдық түрі үшін қозғалыс шектеледі. Атап айтқанда:

Ақтөбе облысы:  

– «Самара-Шымкент» 526-710 км, Батыс Қазақстан облысы шекарасындағы Маржанбұлақ а. учаскесі - «Самара-Шымкент» 763-1240 км., Ақтөбе қаласы учаскесі-Қызылорда облысы шекарасы 

Қызылорда облысы:

– «Самара-Шымкент» 1240-1357 км, Ақтөбе облысы учаскесі-Арал қаласы. 

Батыс Қазақстан облысы:

– «Самара-Шымкент» 273-526 км, Барбастау а. учаскесі-Ақтөбе облысы шекарасы

Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
02 қаңтар 2025 ж. 283 0