7 облыстағы 54 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді
Күн райының қолайсыздығына байланысты (ауа температурасының -35С°, -38С° дейін төмендеуі) қазіргі сәттегі ахуал бойынша еліміздің 7 облысындағы республикалық маңызы бар 54 жол учаскесінде жүк, қоғамдық және дизельмен жүретін автокөліктердің қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Kazinform.
Абай облысында 1 жол учаскесі — «Омск-Майқапшағай» автожолының 587-733 шақырымы аралығы, яғни Павлодар облысының шекарасынан Семей қаласына дейінгі аралықта;
Ақмола облысында 20 жол учаскесінде, яғни барлық бағыттағы жолдарда;
Ақтөбе облысында 2 жол учаскесінде:
1. «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 0-234 шақырымы, Қарабұтақ ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі аралықта;
2. «Самара-Шымкент» автожолының 776-1153 шақырымы, «ЭколОйл» жанармай құю бекетінен М-32 және А-26 жолайрығына дейінгі аралықта;
Павлодар облысында 8 учаскеде, яғни барлық бағыттағы жолдарда;
Қарағанды облысында 2 учаскеде:
1. «Қызылорда-Павлодар» автожолының 967-1135 шақырымы, яғни Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралықта;
2. «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» автожолының 231-234 шақырымы, яғни Павлодар облысының шекарасынан Ботақара ауылына дейінгі аралықта;
Қостанай облысында 7 жол учаскесінде:
1. «Жезқазған-Петропавл» автожолының 340-377 шақырымы, яғни Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралықта;
2. «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолының 8-232 шақырымы, яғни Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралықта;
3. «Екатеринбург-Алматы» автожолының 418-539 шақырымы, Қарабалық ауылынан Қостанай қаласына дейінгі аралықта;
4. «Екатеринбург-Алматы» автожолының 556-729 шақырымы, Тобыл қаласынан СҚО шекарасына дейінгі аралықта;
5. «Мамлютка-Қостанай» автожолының 180-404 шақырымы, СҚО шекарасынан Тобыл қаласына дейінгі аралықта,
6. «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 234-503 шақырымы, Ақтөбе облысының шекарасынан Рудный қаласына дейінгі аралықта;
7. «Денисовка-Жетіқара-Мүктікөл-РФ шекарасы» автожолының 0-137 шақырымы, Денисовка ауылынан РФ шекарасына дейінгі аралықта;
СҚО-да 14 жол учаскесінде,
1. «Екатеринбург-Алматы» автожолының 729-856 шақырымы, Қостанай облысының шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралықта;
2. «Челябинск-Новосибирск» автожолының 465-655 шақырымы, РФ шекарасынан РФ шекарасына дейінгі аралықта;
3. «Астана-Петропавл» автожолының 341-473 шақырымы, Ақмола облысының шекарасынан Бескөл ауылына дейінгі аралықта;
4. "Петропавл-Соколовка-РФ шекарасы" автожолының 11-72 шақырымы, Петропавлдан РФ шекарасына дейінгі аралықта;
5. "Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы" автожолының 50-280 шақырымы, Ақмола облысының шекарасынан РФ шекарасына дейінгі аралықта;
6. «Жезқазған-Петропавл» автожолының 595-946 шақырымы аралығында;
7. «Мамлютка-Қостанай» автожолының 0-180 шақырымы, яғни Мамлютка қаласы мен Қостанай облысы шекарасы аралығында;
8. «Көкшетау-Рузаевка» автожолының 61-196 шақырымы, Ақмола облысының шекарасынан Рузаевка ауылына дейінгі аралықта;
9. "Қарасай батыр мемориалды кешеніне кірер жолдың" 0-24 шақырымы, Саумалкөл ауылынан Қарасай батыр мемориалды кешеніне дейінгі аралықта;
10. «Петерфельд-Архангельск-Новокаменка» автожолының 0-30 шақырымы, Петерфельд ауылынан А-16 автожолына дейінгі аралықта;
11. «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Киялы-Рощинское» автожолының 0-228 шақырымы, Булаево қаласынан Рощинское ауылына дейінгі аралықта;
12. «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» автожолының 0-86 шақырымы, Рощинское ауылынан Волошинка ауылына дейініг аралықта;
13. «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» автожолының 0-119 шақырымы, Волошинка ауылынан Тимирязево ауылына дейінгі аралықта;
14. «Тимирязево-Сарыкөл-облыс шекарасы» автожолының 0-31 шақырымы, Тимирязево ауылынан облыс шекарасына дейінгі аралықта жүк, қоғамдық және дизельмен жүретін автокөліктердің қозғалысы шектелді.