Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жерлестеріміз мемлекет басшысынан марапат алды

Жерлестеріміз мемлекет басшысынан марапат алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ақордада өткен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған марапаттау рәсімінде еліміздің дамуына елеулі еңбек сіңірген, өз саласында жоғары жетістікке жеткен бір топ әйел азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады. Мемлекет басшысының қолынан М.Шоқай атындағы №187 ІТ мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Егізбаева Сәуле Әбутәліпқызы «Құрмет» орденін, облыстық тілдерді оқыту орталығы ғылыми-әдістемелік бөлімінің басшысы Орынбаева Алтынай Романқызы «Шапағат» медалін алды.

Бүгін түстен кейін "Өнер орталығында" өткен салтанатты іс-шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жерлестерімізді құттықтады.
"Биыл алғаш рет шұғылалы көктем мерекесі қарсаңында Президентіміз еліне адал қызмет етіп, ерен еңбектің үлгісін көрсеткен әйелдер қауымын мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың ішінде біздің жерлестеріміз де Астана төрінде Президентіміздің қолынан марапат алды! Барша Сыр жұртшылығының және сіздердің аттарыңыздан шын жүректен құттықтаймыз!» – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Көктемнің көрікті мерекесінде құрмет төрінен көрінген марапат иелерін құттықтаймыз!




08 наурыз 2025 ж. 315 0