Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ – «ҰЛТ ЖОСПАРЫНЫҢ» ӨЗЕГІ

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ – «ҰЛТ ЖОСПАРЫНЫҢ» ӨЗЕГІ


Бүгінде кез келген мемлекеттің өсіп-өркендеуі үшін заңның үстемдігі ауадай қажет. Ал ол үшін оны қадағалап, жүзеге асыратын сот пен құқық қорғау органдары қалтқысыз жұмыс істеуі тиіс. Осыны ескерген Елбасы Ұлт Жоспары «100 нақты қадамда» атқарылатын істерді айқындап, бағыт-бағдарларды белгілеп берді. 5 институционалдық реформада айқындалғандай, Заң үстемдігі әрбір адамның құқығы мен бостандығын толық қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлықты тамырымен жоюға, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің салтанат құруына, әділ сот билігінің қалыптасуына септігін тигізуде.
Мықты мемлекеттің заң жүйесі де мықты болуға тиіс. Осы орайда, Елбасының сот саласына қатысты жүргізіп отырған реформалары жоғары деңгейде дамыған құқықтық жүйесі бар нағыз конституционалды мемлекет құруға септігін тигізіп келеді. Бағдарламаның 3-ші бөліміндегі 16-26-ыншы қадамы - соның айғағы. Заңның үстемдігі - нығайған мемлекеттің кепілі. Сондықтан жаңа бағдарламаның құқықтық мемлекетті құрудағы маңызы зор. Бағдарламадағы бірнеше қадам заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мұнда сот жүйесі сатыларын оңтайландыру жұмысы жолға қойылған.
Заң үстемдігі дәл қазіргі нарықтық экономика жағдайында ауадай қажет. Өйткені, құқықтық үстемдік - мемлекеттің негізі. Еліміздің стратегиялық тапсырма ретіндегі алдына қойған мақсаты - әлемдік қоғамдастық бойынша 30 алдыңғы қатарлы мемлекеттің қатарына ену. Бұл мақсатқа біздің мемлекет нақты, әрі салыстырмалы түрде тексерілген, дәл анықталған жоспарға сәйкес дамыған жағдайда ғана жете алады. Солардың арасында заң үстемдігін қамтамасыз ету өте маңызды. Яғни, Заң үстемдігі - бұл өзін демократиялық деп санайтын кез келген қоғамның іргелі қағидасы, ол әмбебап болуы және қоғамның барлық өзегінен өтуі тиіс. Ал Заң үстемдігі сот әділдігін қамтамасыз етеді.
Еліміздегі сот әділдігін іске асыруда оның халыққа ашық және қолжетімді болуы - ең жауапты міндет. Бұл жауапкершілікті сот саласы қызметкерлері барынша сезініп, берілген тапсырмаларды одан әрі де тыңғылықты атқаруға тиісті. Ол үшін ұлттық заңнамалар қасиетін терең ұғынып, қадіріне жете білген жөн. Қазір бұл бағытта сот процесстерінде түгелдей жазба дыбыс, бейне құралдары қолданылуда. Бұдан бөлек, күн сайын сот саласына қатысты ақпараттар, фотосуреттер мен бейнежазбалар веб-сайтқа жедел түрде орналастырылып, интернеттегі әлеуметтік желілер арқылы тарайды. Демек, Ұлт Жоспарында айтылған ашықтық сот саласына деген халық сенімін нығайтады. Мұның жемісі қазір көрініс табуда.
Жалпы, заңды сыйлау, оны орындау қоғамның басты шарттарының бірі болуы тиіс. Осы орайда, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Халқы заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам - ең дамыған қоғам» деген қанатты сөзі әр азамат жадында сақталып, оны бойтұмардай бағалай білгені абзал.

Нұрхан ӘБДІКӘРІМ,
сот хатшысы, бас маман
12 маусым 2018 ж. 2 054 0