Тұрғындар тілегі ескерусіз қалмайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Сондықтан азаматтық Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек» деген болатын.Мемлекет басшысының тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытында аудан әкімі Берік Сәрменбаев «AMANAT» партиясының аудандық филиалында аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары – аудан прокуроры Абай Әлімбаев және аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Әділхан Қанзадаевпен бірге қоғамдық қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдауға Тереңөзек кенті, Қызылорда қаласы, Шіркейлі, Бесарық, А.Тоқмағамбетов ауылының тұрғындары келді. Қабылдау барысында аудан басшысы тұрғындардың арыз-шағымы мен өтінішін тыңдап, сауалдарына жауап берді. Қабылдауға келген азаматтардың дені жұмыссыздық мәселесімен келген. Сонымен қатар несие, тұрғын үй, инфрақұрылым, әлеуметтік жобаларды іске асыру, кәсіпкерлік нысан салу және өзге де өзекті мәселелер бойынша жүгінді.
Аудан әкімі өтініш берушілердің барлық ұсынысын мұқият тыңдап, мәселелер назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Тиісті сала басшыларына қолданыстағы заңнама шеңберінде мәселелерді шешуге көмектесуді тапсырды.
«Тт» ақпарат











