Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық қабылдау өткізілді

Қоғамдық қабылдау өткізілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек» деген болатын.

Мемлекет басшысының тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытында және облыс әкімінің арнайы тапсырмасына сәйкес бүгін аудан әкімдігінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Қожаниязов Серік Салауатұлы мен құқық қорғау органдарының басшылары құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және тағы да басқа мәселелер бойынша аудан тұрғындарына қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында тұрғындардың жеке әлеуметтік мәселелерімен қоса А.Тоқмағанбетов, С.Сейфуллин, Шіркейлі, Аманкелді ауылдық округтеріндегі жер мәселесі және Шаған, Іңкәрдария ауылдарындағы ауыз су мәселелерін жеткізді. Аудан көлемінде тұрғын үй құрылысын жүргізуді сұраған тұрғындарда қабылдауға келді.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары С. Қожаниязов және аудан әкімі М. Ергешбаев, құқық қорғау органдарының басшылары тарапынан тиісті қолданыстағы заңдылықтармен түсіндірме берілді. Көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын ұсынып, құқықтық кеңестер айтылды. Әрбір мәселе бойынша жеке-жеке тоқталып, тиісті жазбаша жауап берілетіндігі жеткізілді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
16 қыркүйек 2022 ж. 554 0