Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тұрақтылықтың негізгі бағыты

Тұрақтылықтың негізгі бағыты

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауында ел экономикасын көтеру мен халықтың тұрмысын жақсарту бағытында тың идеялар айтты. Халықтың өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды қолға алды. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болатынын жеткізді.
Ауыл мен қаладағы тұрмыс жағдайды жақсарту мақсатында инфрақұрылымдық мәселелерді шешу үшін «Ауыл – Ел Бесігі» жобасы аясында қомақты қаржы бөліп, бағдарламаның іске асырылуы қажеттігін міндеттеді. Сондай-ақ ауыл мектебі мен қала мектебі білімі арасындағы алшақтықты жою, дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік оқу орындарына дайындауды тапсырды. Бұл мәселелер – келешек ұрпақ үшін өзекті мәселе.
Болашақ – жастардың қолында. Жастардың бәсекеге қабілетті, дарынды, білімді болуына жағдайдың жасалуы, ауылдың көлік, ауыз су және газбен қамтамасыз ету сияқты инфрақұрылымдық мәселелеріне қаражат бөлініп, ауыл тұрмыс тіршілігінің жақсаруына берілген тапсырмалар халықтың жүрегіне үлкен сенім ұялатты.
Президент Қ.Тоқаев «Жемқорлық – мемлекеттің дамуын тежейтін кесел. Бұл қоғамдағы өзара сенімге, жалпы мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс», – деп атап өткендей, сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесінің де күн тәртібінен түспейді. Осы ретте, Мемлекет басшысы орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу ісін қайта қалпына келтіру қажеттігін ескертті.
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзу­шылық – ауыр қылмыс. Жолдауда сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс орын алған мекеменің бірінші бас­­шысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу айтылды. Яғни, қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылығы анықталған жағ­дайда, мекеме басшысының өз міндетін тиісінше атқармауына байланысты қызметінен босату мүм­кіндігі заңнамалық тәртіпте қарастырылатын болады.
Сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеген жағ­дайда, мемлекеттік бюджеттің мақсатты әрі тиімді атқарылуы ел экономикасының өсуіне ықпалы зор. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың заман талабына сай тиімді мемлекет құру жолындағы әрбір өзекті мәселенің тиісінше орындалуына ел азаматтары өз істерінің адалдығымен, мемлекетке деген таза ниетімен, болашаққа деген үмітімен қол жеткізеді деген сенім мол.

З.Тоқсейтова,
Сырдария аудандық қазынашылық
басқармасының бас маман-бас қазынашысы
26 қазан 2019 ж. 861 0