Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлікке кең өріс

Кәсіпкерлікке кең өріс

Аудан бойынша биылғы жылдың шіл­де айындағы қорытындысы бо­йын­ша 2239 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның ішінде жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъек­тілерінің саны 2182 жеткен. 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көр-сеткіш 10,8 пайызға өскен.

2020 жылдың қаңтар-маусым айларында жаңадан 200 кәсіпкерлік субьектілері жұмысын бастады. Статистикалық мәліметке сүйенсек Тереңөзек кентінде 694, А.Тоқмағамбетов 180, С.Сейфуллин 74, Жетікөл 57, Айдарлы 99, Ақжарма 153, Аманкелді 159, Бесарық 189, Іңкәрдария 60, Қоғалыкөл 128, Нағи Ілиясов 73, Шаған 159, Шіркейлі 101 кәсіпкер тіркеліп, қазіргі таңда кәсіпкерлікпен айналысуда. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағыты бойынша құны 227,2 млн теңгенің 59 жобасы несилендірілді. Бағдарламаның осы бағыты бойынша Қалжан ахун ауылында 1 жоба қаржыландырылған. Осы бағдарламаның екінші бағыты аясында «Стартап жаңа бизнес идеяларды іске асыру» мақсатында 79 адамға 43,4 млн теңге көлемінде мемлекеттік грант берілген.

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы екінші деңгейлі банктерден 3 кәсіпкерлік субъектісі 54,5 млн теңге несие алып, жұмыстарын жасауда. Оның қатарында мына кәсіпкерліктер Тереңөзек кенті – 21 млн теңге, Шаған – 25 млн теңге және Бесарық – 8,5 млн теңге ауылдарында тіркелген. Қосымша 4 жеке кәсіпкер құны 190 млн теңге несие алу үшін құжаттарын жинақтауда.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдар­ламасының субсидиялау тетігі шеңберінде қаржы ұйымдарынан 2020 жылы 4 кәсіпкер 50 млн теңге несие алды. Олар Тереңөзек кенті – 30 млн теңге, Айдарлы – 10 млн теңге, Ақжарма – 6 млн теңге және Бесарық ауылдары – 4 млн теңге бар. Қазіргі таңда құны 76 млн теңгені құрайтын 2 жоба «Аграрлық Несие корпорациясы» АҚ-на құжаттарын өткізді, – дейді аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Е.Ахетов.

«Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламалары бойынша ауданда 2020 жылы несиелендіру портфелін 2 млрд теңгеге дейін ұлғайту межесі алға қойылып отыр. Жалпы 2020 жылдың осы кезеңіне Сырдария ауданында мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында құны 414,9 млн теңгені құрайтын 151 жобаға қаржылай қолдау көрсетіліп, нәтижесінде 152 жаңа жұмыс орны құрылған.

Айдана ҚАЛИЕВА 
25 тамыз 2020 ж. 505 0