Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » БҚО ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛОРДА ОҚУШЫЛАРЫ АҚМОЛАНЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІНЕ САПАР ШЕГЕДІ

БҚО ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛОРДА ОҚУШЫЛАРЫ АҚМОЛАНЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІНЕ САПАР ШЕГЕДІ


Ағымдағы жылдың 10-12 маусым күндері Ақмола облысындағы киелі жерлерге Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының мектеп оқушылары үшін экскурсия ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардағы 126 оқушы 3 киелі жер мен Щучь-Бурабай курортындағы визит орталығында болады. Атылмыш акцияны ұйымдастыру үшін Бурабай ауданындағы киелі жерлер бойынша «Абылай ханның ордасы» туристік маршрут әзірленді.
Балаларды Бурабай баурайындағы Абылайхан алаңы, «Хан тағы» және Абылайхан мұржайын аралатып көрсету жоспарда бар.  Сонымен қатар, жақында қылпына келтірілген Бурабай кентінің мұражайы мен «Бурабай Даму» визит орталығы және Этноауылды аралап көріп, көрікті жердің тарихи мен бүгінгі туралы біраз деректерге қанығатын болады.
Экскурсия соңында қызылордалық және батысқазақстандық мектеп оқушылары Көкшетау қаласындағы облыстық өлкетану тарихи -мұржайы мен Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында ашылған коворкинг орталығының жұмысымен танысады. 
10 маусым 2018 ж. 1 374 0