Аудан әкімі жылыжай жұмысымен танысты
Нысанның жұмыс барысы туралы жеке кәсіпкер Али Бермағанбетов ақпарат беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Жеке кәсіпкер «Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы тамақ өнеркәсібін дамыту жобасы бойынша 8 млн. теңге төмендетілген несие алып, кәсібін бастаған. Кәсіпкер аталған қаражатқа жылыжай кәсібін іске асыруда. Мұнда қияр және қызанақ өсірілуде.
Жылыжаймен танысу барысында аудан басшысы кәсіпкермен пікірлесіп, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін пайдаланып, кәсібін кеңейтуге болатынын атап көрсетті. А.Бермағанбетовтың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.