Озат оқушы

Аудан мақтанышына айналған Кәусар Жарылқасын – 8 сынып оқушысы. Ол – 7-8 сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде күміс медаль еншілеген. Сонымен қатар 9-11 сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиаданың республикалық кезеңінің күміс, алтын медаль иегері, Қазақстан бойынша олимпиаданың «Ең жас қатысушы – 2024» номинациясының иегері саналады. Қызылорда облысының «Дарынды балалар ұйымының» мүшесі, «Білім мен ғылым жолындағы мүмкіндікті кеңейтуге қосқан үлесі» төсбелгісін еншілеген. Бала күнінен химия пәніне қызыққан Кәусар Жарылқасынқызы ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен кездесті.
– Биылғы Жаңа жолдық шырша ерекшеліктерге толы болды. Өзім секілді оқушылар адами құндылықтарды, ізеттілікті насихаттауға арналған көріністерді тамашалады. Білімді ұрпақ қашанда биік шыңды бағындыратыны сөзсіз. Ұстазым Піржан Төлегеннің бастауымен толағай табыстарға қол жеткізіп келемін. Әрқашан ауданның, облыстың намысын республикада қорғауға дайынмын. Алғыр, зерек оқушыға әркез ғылыммен айналысуға мүмкіндік зор. Керемет кештің куәсі болу бақыты бұйырды. Ауданымызды жан-жақты дамыту жолында білімді, саналы ұрпақ ретінде өз үлесімізді қосуға дайынбыз, – дейді озат оқушы.
Балтабай ОРДАБЕКОВ