Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№103 газет

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 газет

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 газет

24 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Ауданымыз алдыңғы қатарда

Ауданымыз алдыңғы қатарда

Аудандық мәдениет үйінде жылдың қорытындысы есебінде ауқымды жиын өтті. Келер жылға өз орнын ұсынып, жылжып өтіп бара жатқан ұлу жылын қорытындылау мақсатында ұйымдастырылған басқосуда 2024 жылы атқарылған жұмыстар мен аудан дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды.

Қорытынды жиналысқа аудан әкімі Б.Сәрменбаев, аудан­дық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов, аудандық сот төрағасы Р.Алдамбергенов, облыстық мәслихат депутаты Ж.Ембергенов, ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, қоғамдық кеңес төрағасы М.Еспен­бетов, ардагерлер, бөлім және мекеме басшылары, аудан тұрғындары қатысты. Жиында аудан әкімі сөз алып, жыл көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

– Баршаңызды келе жатқан жаңа 2025 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген нақыл сөз бар. Біз де Жаңа жылға үлкен үмітпен қарап, нәтижелі жұмыстар күтеміз. Өтіп бара жатқан 2024 жыл үлкен жетістіктерге толы болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында бүгінгі күні облысымыз қарқынды даму үстінде. Аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты. Аймағымыз барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орында.

Биыл ауданымызда Президенттің тапсырмасымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен ауқымды жұмыстар атқарылды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты. Өткен жылы Сырдария ауданының бюджеті 10,6 млрд теңгені құраса, биыл 17 млрд теңгеге жуықтады. 2024 жылдың 11 айында ауданымыз барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша алдыңғы қатарда. Ауданның өнеркәсіп орындары 90,4 млрд теңгенің өнімін өндірді. Көрсеткіш 66,9 пайызға ұлғайды. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі 12,5 млрд теңгені құрап, 9,6 пайызға өсті. Аудан экономикасына 75,8 млрд теңге негізгі капиталға инвестиция тартылды. Өсім – 21,3 пайыз. Инвестиция тарту жұмыстары одан әрі жалғасын табатын болады, – деген аудан басшысы тұрғын үй, құрылыс саласы, табиғи газбен қамтамасыз ету, аграрлық ахуал мен «Ауыл аманаты» жобасы аясында атқарылған жұмыстар мен оң нәтижелерге тоқталып өтті. Сонымен қатар ауызсу, электр энергиясы, жалпы тұрғындар қажеттілігі үшін жыл бойы атқарылған жұмыстар туралы айтылды. Және ел игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.

Жиын барысында жыл бойына ауданның жан-жақты дамуы жолында елеулі еңбек еткен түрлі сала мамандары мен ардагерлер үздіктер қатарында марапатқа ие болды. Атап айтар болсақ, Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына орай ҚР Парламенті Сенатының Төрағасының Құрмет грамотасы, облыс әкімінің құрмет грамотасы, облыс әкімінің Алғыс хаты, үздік сала мамандарына арнайы төсбелгілер және аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты аудан дамуына елеулі еңбек сіңірген жандарға табысталды. Сондай-ақ аудандық мәслихаттың кезектен тыс 27 сессиясының шешімімен, халық қалаулыларының қолдауымен су шаруашылығы саласының ардагері Жақып Бигеш Бисенұлына, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Тәутенов Ибадулла Айғалиұлына, көпбалалы ана Үмбетаева Ибагүл Шәкірқызына және еңбек ардагері Тайжан Ақсұлу Әбілқасымқызына Сырдария ауданының Құрметті азаматы атағы табысталды. Сонымен бірге «Жыл үздіктері» аталымы бойынша бірқатар марапат табыс етілді. Марапат иелерінің қатарында әріптесіміз, аудандық газеттің баспасөз маманы Роза Тұрғанбекова «Үздік баспасөз қызметкері» аталымымен және естелік сыйлықпен марапатталды. Жыл қорытындысы бойынша абырой биігінен көрінген жандарды шын жүректен құттықтаймыз! Мерекелік іс-шарада аудан өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынды.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
28 желтоқсан 2024 ж. 121 0