Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссия отырысы өтті

Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссия отырысы өтті

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысына жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы мекемелердің және құқық қорғау органдарының басшылары қатысып, күн тәртібіне сәйкес, 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда:

Бірінші мәселе – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы патриотизмді, салауатты өмір салтын насихаттауды, рухани құндылықтарға бағыттауды, құқық бұзушылықтың алдын алатын субъектілердің оң жұмысын жариялауды ұйымдастыру туралы аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Тұрар Нұрмағанбетов, екінші мәселе – мал ұрлығы қылмысын алдын алу бойынша атқарылған шаралар туралы аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Қасымхан Асанұлы баяндаса, үшінші мәселе бойынша құқық бұзушылықтар профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту қаралды.

Аудан басшысы өзекті мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар енгізіп, комиссия отырысының қорытындысымен жауапты мекеме басшыларына тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуына тиісті тапсырмалар берді.
23 желтоқсан 2024 ж. 47 0