Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Серпінді Сырдария

Серпінді Сырдария

Кеше аудандық мәдениет үйінде «Ел үміті жастарда» тақырыбында аудан жастарының ХVІ форумы өтті. Форумға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, зиялы қауым өкілдері, жастар мен аудан тұрғындары қатысты.

Форум аясында жыл сайын дәс­түрлі түрде өтетін аудан әкімінің «Өрлеу» жастар сыйлығы 7 сала бойын­ша табысталды. Өз кезегінде аудан әкімі Берік Сәрменбаев жастарды айтулы жетістігімен құттықтады.

– «Мен жастарға сенемін» деп ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, жастар – еліміздің қозғаушы күші, жарқын болашағы. Сондықтан мемле­ке­тіміз­дің дамуында жастардың орны бөлек. Мемле­кет басшысы жыл сайын дәстүрлі Жолдауларында міндетті түрде ел жас­тарына деген жанашырлығын білдіріп, жас ұрпақтың білім мен денсаулығына, олардың дамуына мүмкіндік беретін жаңашыл реформаларға басымдық беруде. Сыр өңірінде де жастарға үлкен қолдаулар көрсетілуде. Ауданда да жастарға үлкен қолдаулар жасалып келеді. Аймақ басшысының бастамасымен «Руха­ният» орталығы бой көтеруде. Ғимарат келер жылдың басында пайдалануға берілетін болады. Мұнда жастар үшін неке сарайы мен жастар орталығы орналасып, олардың аға буын өкілдерінің тәрбиесін алуға мүмкіндіктер жасалады. Ауданға қарасты 6 ауылда жастар бригадалары егін егу жұмыстарымен айналысты. Олар 60 гектар жерге бақша дақылдарын егіп, нәтижесін көрді. Бұл жастардың ерінбей еңбек етудегі белсенділігін білдіреді. Бүгін жыл қорытындысы қарсаңында дәстүрлі «Өрлеу» жастар сыйлығы табысталады. Бұл аудан да­м­уы­на еңбек етіп жүрген жастарға деген қолдауымыздың бір көрінісі. Сондықтан біз Сіздерге зор сенім артамыз. Жаңа бастамаларыңызға сәттілік тілеймін! Алдағы уақытта да аудан дамуына аянбай еңбек ететіндеріңізге сенемін, – деді аудан әкімі.

Аудан әкімінің «Өрлеу» жастар сый­лығын алған белсенді жас­тар қатарында еңбек бригадасын ұйым­дастырған айдарлылық Өмірзақ Есболатов,  құқық қорғау саласынан тереңөзектік Әділет Кенжеев,  мәде­ниет саласынан аман­кел­ділік Гүлайна Қалдыбаева, жас кәсіпкер, шір­кейлілік Бексұлтан Сайлаубеков, білім саласынан аманкелділікПіржан Төлеген,  волонтерлік ұйым немесе штаб мүшесі ретінде іңкәр­дария­лық Әй­герім Суюнбаева, жас спортшы  терең­өзектік Нұрхан Сансызбаев бар. Сонымен қатар ау­дан­ның дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар жас аудан әкімінің Ал­ғыс хатымен марапатталды.

***
Аудандық форумнан кейін аудан тұрғындары орталық алаңда Жаңа жылдық шырша шамын жақты.   
     
Шырша жағу рәсімінде аудан басшысы жиналған көпшілікті Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

– Жақсы жаңалықтарымен есте қалған Ұлу жылымен қоштасып, арман мен үмітке толы Жаңа Жылан жылын қарсы алғалы тұрмыз.Сондықтан баршаңызды санаулы күн­дер­ден соң төрімізге келетін Жаңа жылмен және шырша шырағының жағылуымен шын жүректен құттық­таймын! Хал­қымызда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген жақсы сөз бар. Біз де Жаңа жылға үлкен үмітпен қарап, берекелі іс пен баянды бақыт күтеміз. Өтіп бара жатқан 2024 жыл өңіріміз үшін аса маңызды оқиғаларға толы болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында бүгінгі күні облысымыз қарқынды даму үстінде. Аймағымыз барлық не­гізгі макро­экономикалық көрсеткіштер бо­йын­­ша республикада алғашқы орында. Өткен жылы Сырдария ауда­ны­ның бюджеті  12 млрд теңгені құраса, биыл аудан бюджеті17 млрд теңгеге жуықтады. Биыл ауданда 1,3 млрд теңгеге 20 шақырымнан аса автомобиль жолдары жөндеуден өтті.Қазіргі кезде жолдардың жақсы және қа­на­ғаттанарлық жағдайдағы үлесі 99 пайызға жетті. Электр энергиямен қамту бағытында  2024 жылы 1,6 млрд теңгеге 2 жоба (Шаған, Қалжан ахун а/о) жүзеге асуда. Оның ішінде, Шаған ауылының электр желілерінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.Ауыл азаматтарының өмірін жеңілдетуде тұрғындарды газбен қам­ту жұмыстарына ерекше мән беріп келеміз. Ауданда Тереңөзек кенті мен Қалжан ахун ауылдық округі көгілдір отынмен қамтылды.Жақында ғана жалпы құны 1,0 млрд теңгені құрайтын Сәкен Сейфуллин және Асқар Тоқмағанбетов ауылдарында газдандыру жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді.  Осы­­ның нәти­жесінде аудан халқын табиғи газбен қамту деңгейі 65,4 па­йызға жетті.  Бұған қоса, 2024 жылы жалпы құны 3,3 млрд теңге болатын Шаған және Н.Ілиясов ауылдарына газ желісінің құрылыстары басталды, – деді аудан әкімі.

Өз кезегінде аудан тұрғында­рына концерттік бағ­дарлама ұсы­ныл­ды.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
21 желтоқсан 2024 ж. 58 0