Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутаттық фракция отырысында жол картасының орындалуы талқыланды

Депутаттық фракция отырысында жол картасының орындалуы талқыланды

Аудандық партия филиалының мәжіліс залында партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті.

Депутаттық фракция отырысына фракция мүшелері, сала басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Отырысты аудандық партия филиалының төрағасы Е.Әжікенов ашып, төрағалық жасады.

Күн тәртібі бірауыздан бекітілген соң хабарламашыларға сөз берілді. Алғашқы мәселе бойынша баяндама жасаған Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысы Ахетов Ерлан Дәуітбекұлы «АMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын Қызылорда облысы бойынша іске асырудың жол картасының Сырдария ауданына жүктелген міндеттеріне 51 позиция енген. Осы позициялар бойынша 2024 жылы 47 іс-шара белгіленген.

2024 жылдың 1 сәуіріне, яғни І тоқсанға 47 іс-шарада орындалу үстінде.

Жол картасы шеңберінде 2024 жылға 4 нысан, яғни Бесарық ауылдық округінде спорт кешені (2022 жылдан өтпелі кезенде келе жатыр),

2023 жылдан өтпелі С.Сейфуллин және А.Тоқмағанбетов ауылдық округтерін газдандыру жобалары және Шаған ауылының электр желісін жаңғырту жобасы пайдалануға берілетіндігін атап өтті. Сонымен қатар, сайлауалды бағдарламаның биылға жоспарланған шаралардың ішінен 4 іс-шараның орындалмау қаупі бар екендігін атап өтті.

1. "2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту" ұлттық жобасы шеңберінде жұмыссыздарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту (жұмыс орны) бойынша жоспар – 1290 адамды құраса, Мансап орталығын жоспары - 1090 адамды құрап;

2. Шағын және орта бизнес секторында жұмыспен қамтылғандар саны (адам) жоспар – 5119 адам, 2023 жылмен салыстырсақ тіркелген шағын орта бизнес субъектілері 3 айда 84,0 пайызды (4774 адам) құрап отыр.

3. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 960,0 млн.теңгенің 104 жобасы қаржыландыру жоспарланған, 2023 жылы бұл шара бойынша тиісті көлемде қаржы келмегенін және 2024 жылдың қаржысы әлі келмегенін ескеру қажет деп ойлаймын;

4. Тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және ынталандыру, жоспар бойынша 3 көпқабатты үй күрделі жөндеуден өту қажет;

Аталмыш шаралар бойынша Жол картасының орындалуы бойынша партияның жоғарғы органына хат жолдау арқылы хабарлау туралы ұсыныс жасалды. 

Фракция отырысының қорытындысымен арнайы қаулы қабылданды.
31 қаңтар 2024 ж. 13 0