Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Аудан әкімінің қатысуымен фракция отырысы өтті

Аудан әкімінің қатысуымен фракция отырысы өтті

Бүгін Сырдария ауданының әкімі Б.Сәрменбаевтың қатысуымен аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Отырысты аудандық партия филиалының төрағасы Е.Әжікенов ашып, жүргізіп отырды. Сонымен қатар, айтулы шараға аудан әкімінің орынбасарлары және БАҚ өкілдері қатысты. Отырыстың күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:

1. «Ауыл аманаты» жобасының Сырдария ауданында орындалу барысы туралы Сырдария ауданының әкімі Сәрменбаев Берік Әбдіғаппарұлының хабарламасын тыңдау;

2. Партияның сайлауалды бағдарламасы аясындағы жол картасының орындалу барысы туралы аудан әкімі орынбасарларының хабарламаларын тыңдау;

Күн тәртібі бірауыздан бекітілген соң, алғашқы мәселе бойынша аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы «Ауыл аманаты» жобасының Сырдария ауданында орындалу барысы туралы хабарлама жасап, фракция мүшелерінің бірқатар сұрақтарына жауап берді. Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасарлары хабарлама жасады. Партияның сайлауалды бағдарламасы аясындағы жол картасында 2024 жылы Сырдария ауданы бойынша 45 іс-шара белгіленсе, бүгінгі күнге 22 іс-шара орындалып, 23 іс-шара орындалу үстінде.
21 қазан 2024 ж. 279 0