Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Аудан әкімі үйірмелер мен спорттық секцияларды қаржыландыру бойынша кәсіпкерлермен кездесті

Аудан әкімі үйірмелер мен спорттық секцияларды қаржыландыру бойынша кәсіпкерлермен кездесті

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді, спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру мәселесі бойынша кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

– Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев атқарушы билік мемлекет қаржысын қатаң бақылауда ұстайтынын атап өтті. Аймақ басшысы балалардың шығармашылық үйірмелерге, спорттық секцияларға нақты қатысуын ата-аналар растаған ақпаратты негізге алып, тиісті шара қабылдауды тапсырды. Осы негізде жұмыстар жүргізілуі тиіс, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде 2021 жылдан бері балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді, спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру бағдарламасы қолға алынды. Биыл облыс бойынша шығармашылық тапсырыс аясында қаралған қаржыдан 600,0 млн. теңге бюджетке кері қайтарылған.

Жиын барысында кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, мемлекет қаржысы қатаң бақылауда екені ескертілді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

01 желтоқсан 2024 ж. 188 0