Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Биыл 560 мың бала спорттық секциялармен қамтылады

Биыл 560 мың бала спорттық секциялармен қамтылады

Биыл 560 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер тегін спорт секциясымен немесе шығармашылық үйірмемен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Балалардың спортпен, дене шынықтырумен тұрақты шұғылдануына жіті назар аударылады. Бұқаралық спортты, оның ішінде спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді дамыту аса маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес былтыр мемлекеттік тапсырыс аясында 4 жастан 17 жасқа дейінгі 400 мыңнан астам, нақтырақ айтсақ 402 мын бала мен жасөспірім шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына қатысқан болатын», - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның атап өтуінше, бұл жоба биыл өз жалғасын таппақ.

«Нақты айтқанда, балалардың әлеуетін арттыру мақсатында өңірлерде 86,7 млрд теңге қаражат бөлініп, нәтижесінде 560 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер тегін спорт секциясымен немесе шығармашылық үйірмемен қамтамасыз етіледі. Ендігі кезекте, өңірлер процедуралық мәселелерді жеделдетіп, тез арада жұмысқа кірісу қажет. Осы орайда облыстық спорт басқармасының басшыларымен бірлесіп жұмыс атқару, Мемлекет басшысы тапсырмасын сапалы орындау – ортақ міндет деп білемін», - деді Асхат Оралов.
25 қаңтар 2023 ж. 636 0