Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Нашақорлыққа жол жоқ» бір айлық акциясы қорытындыланды

«Нашақорлыққа жол жоқ» бір айлық акциясы қорытындыланды

Аймақ басшысы Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы мен облыс прокуроры Ожаров Ризабек Кәрімұлының қатысуымен өткен «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында бастау алған бір айлық акцияның Сырдария ауданында өткізілген науқанның қорытындысы өткізілді.

Қорытынды шараға аудан прокуроры А.Кемалов, аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы М.Еспенбетов, құқық қорғау органдары қызметерлері мен акцияға қатысқан азаматтар қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары Димаш Серікбайұлы акцияның мақсаты мен нашақорлықпен күрестегі жүргізілген жұмыстарға тоқталып өтті.


Өз кезегінде аудан прокуроры Асқар Жәметұлы акция барысында жүргізілген шараларға белсене қатысқан азаматтарға алғыс білдіріп, нашақорлықпен қоғам болып күресуге шақырды.

Акцияға белсене қатысқан бірқатар азаматтар аудан әкімінің және аудан прокурорының алғыс хатымен марапатталды.

Жалпы айта кетер болсақ, ұлт саулығына зор қауіп төндіретін кеселмен күресуге, есірткіні қолданудың, дайындаудың және таратудың жолын кесу мақсатында және кеңесте берілген тапсырмаларды орындау бағытында Сырдария аудандық прокуратурасының бастамасымен аудан көлемінде тиісті шаралар қабылданып, жұмыстар жүргізілген болатын.
Акция барысында аудандық мекемелер мен құқық қорғау органдары тиісті жоспарға сәйкес түрлі форматта іс-шаралар өткізді. Білім беру мекемелерінде отбасылық спорттық сайыстар, көңілді старт жарысын, аудандық прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен тақырыптық кездесулер мен танымдық сағаттар, спорт мекемелерінде дзюдадан облыстық біріншілік, мектеп оқушылары арасында аудандық футзалдан біріншілік, ұлттық спортты дәріптеу және «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясын насихаттау мақсатында қазақша күрес, қол күресінен, асық атудан аудандық чемпионаттар болса, мәдениет саласы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен тақырыптық семинарлар мен лекциялар, дебат турнирлері өткізілсе, ауылдық клубтар мен мәдениет үйлерінде танымдық кештер, сурет және бейнероликтер байқаулары болып өтті.

Сырдария аудандық прокуратурасының бастамасымен қолға алынған бір айлық акцияға еріктілер де өз үлестерін қосып, қоғамдық орындарда үнпарақтар таратып, аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлескен рейдтер мен түсіндірме жұмыстарын өткізді. Аудандық қоғамдық даму бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» мекемесімен әлеуметтік-насихаттық бейнероликтер жасалып, әлеуметтік желілерде таратылды. Аудан көлеміне «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында билбордтар орнатылды.

01 желтоқсан 2024 ж. 90 0