Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Белі бүгілсе де, балғасын тастамаған

Белі бүгілсе де, балғасын тастамаған

Басылымның кезекті нөміріне жоспар бойынша тың ақпарат іздеп жүрген сәтте ұялы телефоным шыр етті. Қоңырау шалған аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Болат Жәнібекұлы екен. Музейдің мақтаулы маманы аптаның сәрсенбісінде тағылымы ерекше іс-шара болатынын жеткізді. Межелі уақыт жеткенде «Еңбек даңқы» музейіне барып, темір ұстасы Шәкір Мешітбаевтың өз қолынан шыққан жәдігерлерін ұрпақтары музейге табыстау рәсіміне куә болдық.

Сәрсенбінің сыры

Өткен ғасырдың 1904-1993 жылдары өмір сүрген Шәкір Мешітбаев – Қалжан ахун ауылының тумасы. Темір ұстасы 89 жыл ғұмыр кешіп, артынан құндылығы жоғары көптеген мұра қалдырған. Қасиеті мол қария көзі тірісінде Қалжан ахун ауылдық мешітінің шырақшысы атанған. Шәкір ұста әр аптаның сәрсенбісінде адам қабылдап, ем-шара жүргізген. Оның Қалжан ахун ауылындағы дүкенінде үлкен жыланы болған. Жылан теріс пиғылды адамдарды қасиетті орынға айбат шегіп кіргізбеген екен. Құнды жәдігерлерді Анар Шәкірқызы әкесінің айрықша қадір тұтқан сәрсенбі күні өткізуді жөн көрген.

– Әкеміз жылдар бойы ұсталықпен айналысты. Емшілік қасиетін көпшілік жақсы білетін. Перзент сүймеген талай жас ана қарияның дұғасынан кейін бала көтерді. Үнемі тазалықты жаны сүйетін оның жыланы жақын-жуыққа тиіспейтін. Әкеміз сәрсенбі және бейсенбі күні алыс-жақын елді мекеннен келген адамдардың аяқтан тұруына себепкер атанды. Қалжан ахун мешітінде шырақшы болған жылдары жұртшылықты имандылыққа үйіретін. Ме­нен үлкен ағам Нұрлан мен апам Жар­­­қын Ақ­­төбе қа­ла­сын­да тұ­рады. Осын­­­­дай тек­тілігі мол, кө­р­егенді кі­­­­сінің ұр­­пағы бол­­ға­нымызға мақ­танамыз, – дейді Анар Шәкірқызы.


Құндылығын жоймайтын жәдігер

Темір ұсталары істі бастамас бұрын Дәуіт пайғамбарға тәу ететін болған. Яғни, ұсталық өнер пайғамбардың заманынан бас­тау алады. Елімізде ашарлық кезең бас­тау алған жылдары Шәкір ұста Қалжан ахунға өз қолынан сандық жасап береді. Өз кезегінде темірден түйін түйген ұста өзінің зайыбы Зылихаға сандық сыйлайды. Ғасырға жуықтаған сандықты анасының көзі ретінде Анар Шәкірқызы 30 жыл үйінде сақтайды.

– Бала кезімде әкемнің дүкеніне көп баратын едім. Әкеміз 1941 жылы екінші дүниежүзілік соғыс басталған уақытта Магнитогорск қаласындағы оқ-дәрі жасау заводында еңбек еткен. Анамыздың сандығы сыры кетсе де, құндылығын ешбір жоймаған. Арқасүйер ер азаматының жасаған әрбір дүниесін ол көзінің қара­­шығындай сақ­тай білді. Мектеп қабырғасында оқып жүргенімде әкемнің қасынан табылып, сан түрлі тұрмыстық бұйымдар жасауға көмек­тесетін едім, – дейді аяулы ана.

Негізінен, көне сандықпен бірге аудан­дық тарихи-өлкетану музейіне қолдан жасал­ған диірмен, келсап, ағаш кесуге арналған құрал, көрік сыйға берілді. Өз уақы­тысында көне көрікпен ұста тұрмыстық бұйымдарды жасаған. Ал келсаппен күріш ақтаған. Диірменнің де пайдасын ауыл халқы көрген. Ұстаның көрігі бірнеше жыл Ақтөбе қаласындағы баласы Нұрланның үйінде сақталған. Ұстаның өнеріне тереңнен қаныққан қарындастары Дүйсенкүл Жүнісова мен Айымкүл Ахметова өткен күндерден сыр шертіп, естеліктерімен бөлісті.


Ақылды, қол ұсталығы ерекше Шәкір Мешітбаев мол қазынаның иесі атанған. Балалы болмай жүрген Бораш деген кісіге қолындағы кетпенді лақтырып жі­бергенде қарама-қарсы тұрған ол екі қолымен тұр­мыстық затты қағып алады. Артынша ұзамай Бораштың зайыбы құрсақ көтеріп, қызды болған екен. Сов­хозда ақсақал 82 жасына дейін ұста ретінде жұмыс жа­саған. Белі бүгілсе де, бал­ғасын тас­­­­та­маған ұс­­таның ұр­­­­­пақ­тары­на ау­­­­дандық та­рихи-өлке­тану м­у­­­зейінің мамандары шы­­­найы ал­­­­ғыс­­тарын жет­кізді.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
30 қараша 2024 ж. 144 0