Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаржы мамандары – құрмет төрінде

Қаржы мамандары – құрмет төрінде

15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудан әкімі Берік Сәрменбаев сала ардагерлері мен қызметкерлерін қабылдап, мерекемен құттықтады.

– 1993 жылы Ұлттық валюта – теңгеміз айналымға енді. Содан бері қазақ елінің төл теңгесі отандық эко­номикамыздың өр­кендеуіне белсенді қызмет етіп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әркез ел экономикасын дамытуға аса мән беріп келеді. Сондықтан 15 қараша – Ұлттық валюта және қаржы қыз­меткерлері күні болып жыл са­йын атап өтілуде. Кәсіби мереке – еліміздің экономикалық қуатын көтеріп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолында жемісті еңбек етіп жатқан Сіздерге деген шынайы құрметтің белгісі деп білемін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Мерекелік қабылдауда аудан­­ның дамуына сүбелі үлес қо­сып, қызмет етіп жүрген сала арда­герлері мен қызметкерлері облыс және аудан әкімінің «Алғыс хатымен», аудан әкімдігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Қабылдау барысында сала ар­да­герлері Ұлтуған Ерімбетова, Күләйхан Мырзабайқызы және Сырдария аудандық қазынашылық бас­қармасының басшысы Зағира Рахымшаева әріптестерін мерекемен құттықтап, алғыстарын жет­кізді.

***
Кәсіби мерекеге орай аудандық білім бөлімі мен білім қызмет­кер­лерінің кәсіподақ комитеті қар­жы саласында табанды еңбек етіп жүрген білім беру ұйымд­арының есепші мамандарын айтулы күнмен құттықтап, құрмет көрсетті.

Мерекелік іс-шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Еркебұлан Жақып, білім қызметкерлері кә­сіп­ода­ғы комитетінің төрағасы Алмас Есназар және білім беру ұйым­дарының есепші мамандары қатысты. Жиын барысында білім бөлімінің басшысы алғашқы құт­тық­­тау сөзін сөйлеп, Ұлттық валю­­­та­ның маңызына тоқталып, сала мамандарының қаржы сала­сындағы еселі еңбектері үшін алғы­сын білдірді.

– Төл теңгеміз – егемен елі­міздің, ел­дігіміздің нышаны. Сол себепті бұл күн ел тарихындағы айтулы мереке ретінде атап өтілуде. Осы орайда қаржы саласында қажырлы еңбек етіп жүрген есепші мамандарды айтулы мерекемен құттықтаймын. Білім беру ұйым­дарында қаншама ауқымды жұмыстың есеп-қисабын жасап, ұстаз­дардың еңбекақысын есептеу – әсте оңай шаруа емес. Кәсібилік пен үлкен жауапкершілікті талап ететін саладағы еңбектеріңіз өлшеу­сіз. Сіздердің еңбектеріңіз аудан­­ның экономикалық дамуы мен бюджетін тиімді басқаруда ай­рық­ша маңызға ие. Қаржы сала­­сында атқарылып жатқан игі жұмыстарыңыз, еліміздің қар­жылық әлеуетін дамытуға және нығайтуға бағытталған маңызды қадам­дарыңыз әрдайым оң нәти­желі болуына тілектеспін, – деді білім бөлімінің басшысы.

Өз кезегінде кәсіподақ басшысы Алмас Есназар төл теңгенің алғаш айна­лымға енуі, тарихы және ау­дан­ның саладағы жетістіктеріне тоқталып өтті.

– 15 қараша – Ұлттық валюта күні – еліміздің Тәуелсіздігі мен эко­номикалық тұрақтылығын көр­сететін маңызды күн. Төл тең­геміздің қолданысқа берілгеніне 31 жыл толып отыр. Теңгенің қол­данысқа енуі – экономикалық және саяси тұрақтылыққа әкелген маңызды жетістік. Сіздердің қа­жырлы еңбектеріңіздің арқа­сын­да білім беру ұйымдарының қаржылық жүйесі тұрақты дамып, білім беру процесі үздіксіз жүзеге асуда. Сала мамандарын айтулы мере­кемен құттықтай отырып, қыз­метте жемісті жетістік және тола­ғай табыстар тілеймін, – деді кәсіподақ басшысы.

Өз кезегінде бірқатар сала мамандары аудан әкімінің, аудандық, об­лыс­тық білім қызметкерлері кә­сіподағы комитеті мен білім бөлі­мі­нің, «AMANAT» партиясы аудан­дық филиалы атқарушы хат­шы­­сының «Алғыс хатымен» мара­пат­талып, арнайы гүл шоқ­тары мен сый-сия­пат табыс­талды. Мерекелік жиын сала қызмет­керлерінің құр­метіне арналған аудан өнер­паз­дарының ән-шашуы­мен қоры­тындыланды.


Алтынай ҚАЙРАТҚЫЗЫ
19 қараша 2024 ж. 116 0