Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

05 желтоқсан 2023 ж.

№95 газет

02 желтоқсан 2023 ж.

№94 газет

28 қараша 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қаржыгерлерді құттықтады

Қаржыгерлерді құттықтады

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Ұлттық валюта күніне орай ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген қаржыгерлерді қабылдап, кәсіби мерекемен құттықтады.

Мерекелік қабылдауда аудан басшысы 1993 жылы 15 қарашада төл теңгенің айналымға енуі – Тәуелсіздігімізді нығайтқанын, экономикамыздың күретамырына айналғанын айтты. Содан бері Ұлттық валюта еліміздің қаржы жүйесінің дамуын қамтамасыз етіп келе жатқанын жеткізді. Бұл салада аудан қаржыгерлерінің қосып жүрген үлесі зор екенін атап, шынайы алғысын білдірді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Төл теңгеміз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы. Сонымен қатар экономикалық дамуымыздың басты кепілі. Еліміздің қаржы жүйесіне халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту міндеті жүктеледі» деп атап өтті. Экономикасы дамыған елге айналу жолында қаржы, экономика, қазынашылық, статистика, салық жүйесінің мамандары зор еңбек сіңірді. Осы жетістіктерге аудан қаржыгерлерінің қосқан үлесі зор. Жауапты міндетті абыроймен атқарып, Сырдария ауданының көркеюі жолында талмай еңбек етіп жүрген Сіздерге алғысымды білдіремін, – деді аудан әкімі.
Құттықтаудан соң бірқатар сала ардагері мен қызметкер облыс және аудан әкімінің, облыстық басқарманың Алғысымен марапатталды. Мерекелік іс-шарада сала ардагерлері кәсіби мерекеде құрмет көрсеткен аудан басшылығына және қаржыгерлерге жылы лебіздерін жеткізді.



А.ИБРАГИМҰЛЫ
18 қараша 2023 ж. 97 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам