Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қариялардың белсенділігі артуда

Қариялардың белсенділігі артуда

Күнделікті өмірде үлкен кісі­лердің «Жасымда бейнет бер, қар­тайғанда зейнет бер» деп Жаратқаннан тілеу тілеп отыратын­дарын көретін едік. Енді міне өзіміз де қарттыққа жетіп, еткен еңбегіміздің зейнетін көріп отырғанымызға шүкіршілік етеміз.

Адам баласы үшін туған жері қандай ыстық болады десеңізші. Туған жердің ауасымен тыныстау, оның суы мен топырағын кешу қандай бақыт?! Менің де туған жерім – қасиетті Сырдария ауданы. Ұлы дариямен аттас Сырдария күн санап өсіп-өркендеп келеді. Жаңадан бой көтерген керемет ғимараттар мен түп-түзу, жарық көшелер ел-халықтың көңілін көте­реді. Біз, аға ұрпақ өкілдері аудан орталығы – Тереңөзектің жақсы жаңалықтарынан ғана емес, аудандағы барлық елді ме­кен­дегі оң өзгерістерге күн сайын куә болудамыз. Жасымыз егде тарт­са да, ауданда қалыптасқан дәстүр бойынша біздің ауылда болып жатқан игі бастамаларды көзімізбен көруімізге мүмкіндігіміз мол, яғни қандай да бір жақсы бастама болсын, ардагерлердің басын біріктіріп, сол жаңалыққа ортақтасуға қолайлы жағдай жасал­ған.

Сырдариялық ардагерлер құр­­мет пен қамқорлықтан кенде емес. Біздің басымызды бірік­тіретін арнайы орталық, ардагерлер кеңесінің ұйымы бар. Әрбір мекеме жанынан ашылған бастауыш ардагерлер ұйымы жұмыс істейді. Кез келген уақытта ардагерлер сонда барып, өз пікірін айтып, көзқарасын білдіре алады. Ал кенттегі ардагерлер ұйымы кент әкімдігімен бірлесіп, жыл бойы атқаратын іс-шаралар жос­парын бекітеді. Жоспарға сай кент ардагерлерінің тізімі бойынша мерейтой иелері, 70, 80, 90 жасқа келетін ардагерлер марапатталады, бұрын жасаған еңбегі ескеріліп, лайықты сый-сияпат табысталады. Мұндай ізгілікті іс-шара барлық ауылдық округтерде өтетінін де білеміз. Ал ел үшін маңызды науқандарда ең алдымен үлкендерден бата алу дәстүрі ауданда жақсы қалыптасқан.

Ардагерлер аудан өмірінен бір күнге де алыстаған емес. Белсенді ардагерлер арасында түрлі спорт­тық сайыс өткізіліп тұрса, мәдени-көпшілік іс-шаралардың басы-қасынан өнерлі ардагерлер де табылады. Ардагерлердің отбасы ошақ қасында ғана отырып қалмай, қоғаммен араласуға жасалған жағдайға дән ризамыз. «Батаменен ел көгерер» дегендей, жастар қазыналы қарт­тар­дың батасын алып, өсіп-өркендей берсін!

Әсия МАСИЛОВА,
еңбек ардагері
05 қараша 2024 ж. 152 0