Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бірлігі мықты елдің – рухы биік

Бірлігі мықты елдің – рухы биік

Еліміз небір зобалаңды, небір қиындықты бастан кешкені тарих беттерінен аян. Ғасырлар көшінде жасап, гүлденіп келе жатқаны да ақиқат. Еліміз өз егемендігіне қол жеткізіп, бейбітшілік алаңына айналды. Оның негізі – халықтың бірлігінде, татулығында, біртұтастығында.

Халқымыз қиын-қыстау кезеңде өзге ұлт өкілдеріне де құшақ ашып, ұлттар мен ұлыс­­тардың тату-тәтті мекеніне айналған. Қазақстан – ұлт пен ұлыстың, бауыр мен туыстың бірлігі жарасқан мекені деуге негіз бар. Түрлі ұлттар мен ұлыстарды құшағына алып, бір ананың баласындай, бес саусақтың саласындай тату тірлік кешіп жатқан ұлттар досты­ғының шынайы көрінісін Сыр елінен аңғара аламыз.

Елдегі достық пейіл мен бауырмалдық – бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық. Сондықтан халқымыздың «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөзі­нің астарында үлкен мән бар. Осы орайда аудан­дық мәдениет үйінде «Қазақстан – татулық пен достықтың Отаны» тақырыбында салтанатты іс-шара өтті. Жиынға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев бастаған азаматтар, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудан­дағы өзге ұлт өкілдері мен тұрғындар қатысты.
Іс-шара басында аудан басшысы аудандағы өзге ұлт өкілдері әзірлеген салт-дәстүрлер мен ұлттық тағамдар қамтылған көрмемен танысты. Салтанатты іс-шарада аудан басшы­сы елдегі достық пейіл мен бауырмалдық – бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық екенін атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты сессия­сында барша халқымыздың стратегиялық бағдарының түпкі мәнін осы үш ұғым дәл әрі нақты білдіретінін, бірлік пен ынтымақ басты құндылығымыз және мемлекеттік саясаттың бұлжымас бағдары болып қала беретінін атап өтті. Бүгінде елімізде ұлттардың тұтастығы мен халықтар достығының арқасында экономикамыз өркендеп, ілгері басып келеді. Дана халқымыз «Бірлігі мықты елдің рухы биік болады» деп айтқандай, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың бастамасымен бірлі­гі жарасқан Сыр өңірінде жасампаз жұмыстар атқарылуда. Аймақ басшысының қолдауымен өңіріміз қарқынды даму үстінде. Бүгінде аймақта 11 этномәдени бірлестік бар. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Қазақстан халқы ассамблеясы» орталығы жұмыс істейді. Өңірдегі ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтау бағытында мәдени іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылуда. Бірлік пен ынтымақтың мекеніне айналған ауданымыз жыл өткен сайын көркейіп, экономикасы өрге басып келеді. Барлық маңызды бағыттар бойынша жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізудеміз. Осы жетістіктердің бәрінде аудан тұрғындарының татулық пен бірлікке бағытталған қажырлы еңбегі мен ақ ниеті бар. Бейбітшілік бесігін тербеткен ауданда бүгінде 11 түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады. Этнос өкілдері әртүрлі салада жемісті еңбек етіп, аудан экономикасының өркендеуі мен әлеуметтік ахуалының жақсаруына атсалысып келеді. Ауданда ұлттардың тілі мен дәстүрін ұлықтауды мақсат еткен арнайы бірлестіктер жұмысы жолға қойылған, – деді аудан әкімі.

Одан кейін аудан басшысы татулық пен достықтың сақталуына үлес қосып жүрген өзге ұлт өкілдерін «Алғыс хатпен» марапаттап, сый-құрмет көрсетті. Сондай-ақ Достық үйінің белсенді мүшесі, корей ұлты этно-мәдени бірлестігінің мүшесі, еңбек ардагері Татьяна Ким сөз алып, қазақ ұлты­ның қонақжайлылығына, қамқорлығына ал­ғыс білдірді. Алғыс ретінде естелік сыйлықты аудандық музейге табыстады. Мерекелік іс-шара өнерпаздардың әншашуымен жалғасын тапты. Айта кетейік, Сырдария ауданында қазіргі таңда 11 түрлі ұлт өкілі тату-тәтті ғұмыр кешуде.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
02 қараша 2024 ж. 171 0